28 қарашада «Дарынды балалар мен таланттарды жастарды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастыруымен өткен «Дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдаудың тиімді стратегиялары» тақырыбында өткен аймақтық семинарда ЛОРД лицейінің педагогтері тәжірибе алмасты. Семинар Мамлют ауданы, Белое ауылындағы Белое орта мектебінде өтті.
Семинарда «Жаратылыстану-математикалық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша оқушыларды олимпиадаларға дайындау» және «Оқушылармен ғылыми-зерттеу жобаларын жазуға және қорғауға дайындық» атты екі секцияда педагогтер шеберлік сағаттарын өткізді.
Биология пәнінің мұғалімі О.Н. Степанова мен М.А. Рудь «Химия және биология пәндері бойынша олимпиадаға дайындық кезінде тиімді педагогикалық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы интерактивті сабақтарында STEАM технологиясының элементтерін және талдаудың физикалық-химиялық әдістерін қолдану бағыттарын ұсынды. География пәнінің мұғалімі Р.Р. Гиричев «Географиядан олимпиадаға дайындық кезінде білімді тереңдету мен аналитикалық ойлауды дамытудың табысты құралы» туралы ақпарат берді. Секция соңында тарих пәнінің мұғалімі В.В. Бородай құқық негіздері пәнінен олимпиадаға дайындық кезінде ситуациялық есептерді шешу жолдарымен бөлісті.
«Оқушылармен ғылыми-зерттеу жобаларын жазуға және қорғауға дайындық» бөлімінде директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Е.Г. Симонова әріптестерін мамандандырылған білім беру ұйымындағы жобалық іс-шараларды ұйымдастырумен таныстырды. Қазақ және орыс тілдерінің мұғалімдері С.М. Макашева пен С.М. Камзинова педагогтерді оқушылармен ғылыми жобаларды жазу кезінде кездесетін түрлі қиындықтарды талқылауға шақырды.
Семинар дарынды және талантты балаларды қолдау мен дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу және жаңа педагогикалық технологияларды енгізудің маңызды алаңына айналды.