RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

Бүгін ЛОРД лицейінде 3-4 сынып оқушыларына математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру болып табылады.
Бұл олимпиадаға 3-сыныптан 14 оқушы, 4-сыныптан 20 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. 3-сыныптың 3 оқушысы Есенай А. -1 орын, Аманжолова А.- 2 орын, Мардасова М. -3 орын; 4-сыныптан Михайлов К. -1 орын, Иванов А. -2 орын, Моисеенко Я. - 3 орынды иеленіп, аудандық кезеңге өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!