RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

Бүгін ЛОРД лицейінде 5-6 сынып оқушыларына математика пәнінен олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру болып табылады.
Бұл олимпиадаға 5-сыныптардан 12 оқушы, 6-сыныптардан 7 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. 5-сыныптың 3 оқушысы Микотин Т. -1 орын, Охрименко Я.- 2 орын, Лукьянчикова С. -3 орын; 6-сыныптың 3 оқушысы Зейнуллина Д. -1 орын, Морозов Г. -2 орын, Мартынов Р. - 3 орынды иеленіп, аудандық кезеңге өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!