RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

18 қыркүйекте «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында тренинг элементтерімен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара мақсаты: кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын алдын алу; құқықтық білімді насихаттау.
Зура Болатқызы өз сөзінде балаларға заңды бұзбау және қылмыстың құрбаны болмау туралы еске салды. Ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері қозғалды. Жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың қалай ерекшеленетіні, қылмыстық жауаптылықтың қай жылдан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді.
Әңгіме барысында балалар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.