RUB 0.00
USD 0.00
EUR 0.00
oC

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» КММ сайтына қош келдіңіздер

28 тамыз күні «2025-2026 оқу жылындағы мектептің білім беру саясаты және басымдықтары» тақырыбында алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңеске әдістемелік орталықтың директоры Р.Саркен қатысты.
Дене шынықтыру мұғалімі С.Ю.Гамонкоға Қызылжар ауданы әкімінің Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.
Директордың тілдер жөніндегі орынбасары В.В.Бородай мемлекеттік саясаттың басымдықтары туралы баяндады.
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының бағыттарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.С.Дубровская айқындап көрсетті.
Жаңа оқу жылындағы оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Симчера таныстырды.
Жасанды интеллекті қолдану туралы білікті маман Г.С.Тобулбаева кеңес берді.
2026 жылға арналған аттестаттау жоспарымен директордың бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасары А.Х.Ромбаева таныстырды.
Педагогикалық кеңес өнімді және іскерлік ахуалда өтті.